
Еуропалық одақ және ұлттық деңгейдегі жылдам әрі ауқымды жауап шараларына қарамастан, коронавирус пандемиясына байланысты биыл ЕО экономикасына терең рецессия қаупі төніп тұр. Мұндай тұжырымдар сейсенбі күні жарияланған Еурокомиссияның 2020 жылдың жазына арналған экономикалық болжамында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пандемия және коронавирустың таралуын тоқтату бойынша қабылданған шаралар, негізінен, екінші тоқсандағы экономикалық белсенділікке әсер етті. Бұл, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ІЖӨ төмендеуінің алғашқы көрінісі», – деді сейсенбіде Брюссельде өткен баспасөз конференциясында экономика жөніндегі еурокомиссар Паоло Джентилони.
Экономиканы қалпына келтіру процесі осы жылдың екінші жартысында қарқын алмақ. Дегенмен, ол ЕО-ның әртүрлі елдерінде толық емес және біркелкі болмайды.
«Экономикалық белсенділіктің төмендеуі соншалықты ауыр болды. Екінші жартыжылдықта ішінара қалпына келтіру жыл сайынғы өсу қарқынын айтарлықтай арттыра алмайды», - деді Джентилони.
Инфляция болжамы айтарлықтай өзгерген жоқ және биыл 0,3%, келесі жылы 1,1% болады деп күтілуде. ЕО үшін инфляция 2020 жылы 0,6% және 2021 жылы 1,3% деңгейінде болуы ықтимал. Екіұдай жағдай жоғары болып қалып отыр. Ал ахуалдың одан әрі нашарлау қаупі жоғары. Өйткені пандемияның ауқымы мен ұзақтығы белгісіз.
