Фото: golosameriki.com
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді.
Бұл туралы Twitter-де Мемлекеттік хатшымен бірге ұшқан журналистер мәлімдеді. БАҚ өкілдері Астанада ауа райының салқын екенін атап өтті.
"Блинкен Қазақстан арқылы Орталық Азия сапарын ашты. Оны түнгі сағат 2-де мұзды Астанадағы жел соққан далада минус 8 градуста қарсы алды", - деді Шон Тандон.
Астана әуежайынан суретті Bloomberg тілшісі Иэн Марлоу жариялады.