Түркістан облысында кішкентай қызын суға батырған 23 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға Түркістан облысының Құркелес ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел сәбиін алып, үйінен емханаға шыққан. Қайын енесімен жанжалдасып қалған әйел өзіне қол жұмсамақ болған.
"Ол ішкентай қызын құшағына алып, Келес өзеніне мойнына дейінгі тереңдікке барған. Онда біраз уақыт тұрған әйел суға батып кете алмаған. Ойланып, жағаға оралған, бірақ осы уақытта баласы дем ала алмай қалған", - деп жазды басылым тілшілері.