03 мау, 2021 сағат 12:47

Энергетика министрлігі мұнайдан геосинтетикалық материал өндіретін зауыт салмақшы


2021-2025 жылдары мұнай-газ-химия жобаларын іске асыруға 3,9 трлн теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәжілісте өткен отырыста айтты.

«Мұнай-газ-химия жобаларының үлкен капиталды қажет ететіндігін және олардың өтелу мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, осы салаға инвестициялар тарту мақсатында министрлік «бір құжат» қағидаты бойынша мұнай-газ-химия жобалары үшін инвестициялар туралы арнайы келісімнің заңнамалық тетігін енгізуді пысықтауда. 2021-2025 жылдары мұнай-газ-химия жобаларын іске асыруға 3,9 трлн теңге инвестиция тартылады», -деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінде» жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салынып жатқанын еске салды. 

«Осы зауыттың базасында полипропиленді әрі қарай өңдей отырып, тоқылған және экструзиалық геосинтетикалық материалдар өндіретін зауыттарды салу пысықталып жатыр», - деді Нұрлан Ноғаев.