Фото: sk.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін журналистерден қазақ тілін үйренуге жарты жыл уақыт сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне неліктен тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады.
«Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз. Сіздің қазақша сұрақтарыңыздың бәріне жауап беретін боламын. Жауап сапалы болу үшін орысша беріп тұрмын», - деді министр.