Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстаннан Әзербайжан Республикасы арқылы мұнай тасымалдау жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрдің пікірінше, ұлттық компаниялар арасында мұндай мәселе талқылануы мүмкін. Бірақ Энергетика министрлігінде дәл осындай келісімге қол қою мәселесі жоспарланбаған.
«Мұндай ақпаратты оқыдым. Бірақ мұндай мәселелер техникалық тұрғыдан ұлттық компаниялар деңгейінде қарастырылып, талқыланатынын айтқым келеді. Өйткені талап сондай. Мәселе қыркүйек айында мұнай жөнелту жөніндегі келісімге қол қою туралы болып отырған жоқ», - деп мәлім етті Болат Ақшолақов.
Ол талқыланып жатқан бұл мәселе экспорт мәселесін шешуге көмектеспеуі мүмкін екендігін айтты.
«Ақпараттық ресурста айтылып жатқан көлеммен біздің экспорттық бағыттағы проблеманы шешу ақылға сыймайды. Неге? Өйткені, біріншіден, аталған бағытпен 1,5 млн тонна мұнайды экспорттау қазіргі ахуалды айтарлықтай жеңілдетпейді. Екіншіден, біздің министрлікте дәл мұндай келісімге қол қою жоспары жоқ», - деді министр.