24 мам, 2022 сағат 15:04

Энергетика министрі АЭС орналасатын өңірді атады


Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салынатын өңірді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Егер қуат жағынан тура келсе АЭС-ті Балқаштың немесе Курчатовтың жанында салуды ойлап отырмыз. Балқашта салынатын шығар", - деді Ақшолақов.

Ол бұл аумақтың Кеңес Одағы кезінен бері атом электр станциясының орны ретінде зерттеліп келгенін айтты.

"Осы өңірлерді осы жылдар бойы бақылап отырдық", - деп түйіндеді министр.