Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) мәліметтері бойынша наурыз айында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЭЕБ мәліметтері бойынша наурыз айында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі байқалды. Мәселен, егер жалпы нарықта біліктілігі орташа мамандарға сұраныс басым болса (54%), онда осы санаттағы ұсыныс бар болғаны 38%-ды құрады. Бұл ретте біліктілігі төмен мамандар үшін кері жағдай қалыптасып отыр - сұраныс 21% болған кезде ұсыныс шамамен 35%-ды құрады. Жоғары білікті кадрлар үшін түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының саны тең үлесті құрайды: тиісінше 26% және 25%», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.
Жекелеген мамандықтарды қарастыра отырып, биылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ЭЕБ-да өте тапшы медициналық медбикелер мен мейіргерлерге, санитарлар, тәрбиешілер мен олардың көмекшілері болды – бұл мамандар үшін қамтылмаған қажеттілік 4,6 мыңды құрады. Сондай-ақ жүргізушілер (2 мың бос орын), күзетшілер (1,6 мың бос орын), консультант-сатушылар (618 бос орын) және электромонтерлар (674 бос орын) сұранысқа ие болды.
Біліктілігі төмен қызметкерлермен қатар, артық мамандықтардың қатарына заңгерлер, курьерлер, қаржыгерлер, дене шынықтыру және автомеханика мұғалімдері жатады.
«Осылайша, ЭЕБ мәліметтері бойынша елде жалдау процестерінің жандануы байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылар, керісінше, жаңа жұмыс орнын іздегілері келмейді, бұл 2022 жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан түйіндемелер санының азаюымен расталады», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы наурызда Электрондық еңбек биржасында 72,7 мың бос жұмыс орны және 48,8 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда жарияланған бос орындар санының шамалы өсуі (+0,5%) және ізденушілер тарапынан белсенділіктің күрт төмендеуі (-11%) байқалды.