Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 1 сәуірдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245,6 мыңнан аса адам.
"2022 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 105 344 теңге", - делінген хабарламада.