18 ақп, 2022 сағат 11:46

Еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады - министрлік


Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтаған.

"Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 90,2 млн. теңге төленді" - делінген хабарламада.