Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира қамауда отырғандардың қаншасы жарақатын мекеме ішінде емдетіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдері мен адам құқытарын бұзу туралы 191 қылмыстық іс қозғалды. Салыстыру үшін айтсақ, 25 қаңтарда Бас Прокуратураның мәліметі бойынша аталмыш санаттағы 21 іс тергеліп жатқаны айтылды. Бізге бұл қылмыстық істердің бәрі азаматтарға тағылған айыптар бойынша негізгі сот процесі басталғана дейін аяқталғаны маңызды. Өйткені заңда азаптау арқылы алынған дәлелдер жарамсыз екендігі айқын айтылған», - деген құқыққорғаушы ұсталғандардың денсаулығы туралы қолындағы мәліметтерді бөлісті.
«Жабық мекемелерде жараланғандар мен соққыға жығылғандардың көп екенін туралы мәліметтерге байланысты мынаны айтқым келеді. Мұндай мәліметтердің толассыз ағылған кезі 8 қаңтардан кейінгі алғашқы аптаға сәйкес келеді. Бүгінде қамаудағы азаматтардың ішінде түрлі дәрежеде жарақат алған 55 адам бар. 8 адам сынық жарақатын алса, 213 адамның денесінде көгеру бар. Қазір олардың бәрі мекеме ішінде медициналық көмек алып жатыр», - деді ол «Хабар 24» арнасында өткен брифингіде.