28 жел, 2019 сағат 17:15

Елорданың сол жағалауында су құбыры зақымданып, тұрғын үйлер сусыз қалды

Елорданың сол жағалауында су құбыры зақымданып, тұрғын үйлер сусыз қалды. Бұл жайында Астана су арнасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын мәліметінше, бүгін сағат 17-20-да Бөкейхан көшесі бойында құбырдан су ағып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына бригада аттанды. Тексеру барысында Uni Capital серіктестігінің Астана су арнасымен келіспей жұмыс істегендігі және диаметрі 500 мм-лік құбырдың зақымданғаны анықталды. Қазіргі уақытта құбырмен су беру тоқтатылып, су сору және сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында 9 су қорғыш машина мен 1 лайсорғыш техника жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта Бөкейхан көшесі 8, 10 үйлерге ауыз су беру тоқтатылған. Су жеткізу ұйымдастырылды», - деп атап өтті Астана су арнасынан.