23 қаз, 2020 сағат 09:38

Елордалық көлігіне жалған дипломатиялық нөмір тағып алып жүрген

Полиция қызметкерлері Мәңгілік ел мен Орынбор көшелерінің қиылысында жалған дипломатиялық нөмір тағып алған «Mercedes-Benz» автокөлігін ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Жалған нөмір тағып алған жүргізуші аталмыш көлікпен жалпы сомасы 250 мың теңгелік АЕК салуға негіз болар 12 мәрте жол ережесін бұзған. Автокөлік коммуналдық айыппұл тұрағына жеткізілді.

Жалған нөмірмен көлік жүргізген 42 жастағы жүргізуші Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Алдағы сотта ол адамға 20 АЕК айыппұл немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Бұрын аталмыш көлікке тағылған дипломатиялық нөмір Польшаның Елшілігінің көлігіне тіркелген. Кейін есептен шығарылған. Оның қалайша «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісінде жүргенін қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеруде.