iKOMEK109 қалалық орталығы білім басқармасымен бірлесіп, елордалық білім беру мекемелерінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Жұмыс сапарымен iKOMEK қалалық орталығын білім басқармасының өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан 90 мектептің директоры келіп көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың төрағалығымен жиын өтіп, оның аясында елорда тұрғындарынан келіп түсетін шағымдар мен жағдаяттар қаралды.
iKOMEK орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева таныстыру барысында АҚШ-тағы 911 және 311 қызметтеріне ұқсас құрылған елордалық iKOMEK орталығының жұмысын көрсетті, сонымен қатар біз BIG DATA қағидасымен жұмыс жасайтын талдау платформасы, Қаланы басқару панелі, қаладағы ахуалды бақылауға арналған мобильді қосымша, GPS-мониторинг жүйесі, әкімдік тиімділігінің үш деңгейлі KPIs, әкімдік басшылары: аудан әкімдерінің, әкім орынбасарларының және басқарма басшыларының рейтингісі сияқты цифрлық бастамалармен бөлісті.
Пилоттық режимде iKOMEK мобильді қосымшасына 10 елордалық мектеп қосылған, онда олар онлайн режимде білім беру мекемесіне қатысты барлық өтініштерді ала алады. Сондықтан азаматтар өздерін алаңдатқан сұрақтарға тікелей жауап алады. «iKOMEK109 қалалық орталығы қаладағы өмір сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қалалық қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сондықтан біз елордада жайлы өмірді қалыптастыру, сонымен қатар қала мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрбір жауапты мемлекеттік органмен тығыз жұмыс жасаймыз», - деді iKOMEK109 қалалық мониторинг орталығы басшысының орынбасары Дина Темиргалиева.
Әріптестер бүгінгі таңда қала тұрғындарымен байланысатын бірыңғай торап болып табылатын «iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығын» құру тәжірибесін жоғары бағалады. Бүгінгі кездесу қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінде жасақталған білім саласындағы жүйелі мәселелерді шешуде қоян-қолтық әрекет етуге ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына өтініш беруге: • Фото-бейнематериалды тіркей отырып, өтініш беруге, сонымен қатар оның атқарылу дәрежесін білуге; • Алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылуы және т.б. жөнінде білуге мүмкіндік беретін хабарландыруларға жазылуға мүмкіндік береді.