13 нау, 2020 сағат 13:56

Елордаға 100 мың медициналық маска әкелінеді

Елорда дәріханаларына 100 мың медициналық маска әкелінеді. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Искаов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шымкентте өндірілген медициналық масканың алғашқы партиясы қала дәріханаларында бүгін болады. Масканы жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауруының белгісі бар адамдар ғана кию керек. Ең қарапайым әрі ең тиімді қорғаныс тәсілі - қол жуу мен жеке гигиенаны сақтау», - деді Зекен Исаков. 

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жеке гигиена шараларына мұқият көңіл бөлу қажет екенін айтты. Қолды жиі жуып, жөтел кезінде этикет ережелерін сақтап, антисептиктерді пайдалу керек. Қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Сонымен қатар ол үйде күн сайын ылғалды тазалау жүргізіп, желдетіп тұру маңыздылығын айтты.