14 мау, 2024 сағат 18:37

Елордада жыл басынан бері 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала түнде үйлерінен тыс жерде болған


Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы полиция депортаменті елордада жыл басынан бері 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала түнде үйлерінен тыс жерде болған деп мәлімдейді.  Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" хабарлайды.

«Алматы» ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жергілікті жерде рейд жүргізіп, онда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері және Астана қаласының әкімдігінің қызметкерлері де қатысты.

Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың бар-жоғы тексерілді. Жирентаева көшесіндегі қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде өткен іс-шараның қорытындысы бойынша 16 және 17 жастағы кәмелетке толмаған 2 жасөспірімнің болғаны анықталды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін әкімші ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 1500-ден астам кәмелетке толмағандар аумақтық ПБ-на жеткізілді. Олардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен 100-ден астам ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды өкілдер 442-баптың 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін), сонымен бірге кәмелетке толмағандардың сауықтыруға рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық мекемелерінің 70-тен астам иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша тиісті жаза қарастырылды.

Астана қалалық полиция департаменті ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауды ұсынады, себебі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 10 маусымы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның аясында тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік аумақтар мен саяжайларды патрульдеу жұмыстарына үлкен көңіл бөлетін болады. Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепте тұрған тұлғаларды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын тұлғаларды тексеру және ұстау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.