18 қаз, 2019 сағат 08:27

Елордада үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов №51 және №52 мектептері аумағындағы екі жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші нысан - №52 мектеп (Бурабай көшесі) болды. Жаңа білім беру ошағы 1200 орынға есептелген. Қазір оқушылар саны 1,5 мыңды құрайды. Екінші нысан №51 мектеп (Аман көшесі) болды. Мектепте 2870 оқушы оқиды, алайда гимназия 1200 орынға есептелген. Жаңа корпус қосымша 300 оқушы орнымен қамтиды. Нысандарды тапсыру мерзімі - келесі жылы.

Қала әкімі А.Көлгінов құрылыстың мерзімінде аяқталуының, сапалы құрылыс пен аумақты көркейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 50 мектеп салу жоспарланған (Олардың 10-ы жаңа корпустар).