12 қар, 2019 сағат 14:48

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды

Алдын ала болжам бойынша, трактор №40 жолаушылар автобусына жол бермеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері сағат 9:10-да Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Аталған қиылыста солға бұрылған трактор жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысып қалған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, автобустағы 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді.