16 мау, 2022 сағат 12:15

Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті


Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 маусым күні сағат 09.00-дегі жағдайға сәйкес жаңадан тағы 7 дерек тіркелді. Қорытындысында тамақтан уланғандар саны 98-ге жетті», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін 9 және 10 маусымда департаменттің аудандық басқармаларына қала ауруханаларынан тағамнан улану тіркелгені туралы шұғыл хабарлама түскен еді. 

Бүкіл науқас бұл жағдай елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ жегеннен кейін болғанын хабарлаған.

Сол уақытта 64 науқас медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаториялық ем алып жатқан.