28 нау, 2020 сағат 23:03

Елордада тағы екі нысан карантинге жабылды

Елордада тағы екі нысан карантинге жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада «Мейірім» медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды. Байланыста болған тұлғалар карантинге жіберілді, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Дезинфекция жүргізіліп жатыр. Емделушілерге баруға қатаң тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық штаб барлық әуежолаушыларды тексеру туралы шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 22 наурыздан бастап 20-дан астам рейсті қабылдады, бұл шамамен 1750 адам. 1,5 мың адам сараптама нәтижесін алды. Үш жолаушының сараптама қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Барлық жолаушыларды тексеру инфекцияны жұқтырған адамдардың қалаға шығуына жол бермеуге және оларға уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстанда 28 наурыздағы деректер бойынша коронавирустан сауығып кеткендердің саны 18 адамды құрайды, оның 13-і — Нұр-Сұлтан қаласында.

Айта кетейік, бұған дейін қалада №2 көпсалалы облыстық аурухана және №1 автобус паркі карантинге жабылған болатын.