Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі медициналық маска сатып алуға болатын дәріханалардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Маскалар Биосфера, Саламат Z, Иммуно плюс, Старый лекарь, UDM - КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жәрдем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А.А, Оркен фарм, Стофарм, Еврофарма дәріханалар желісіне келіп түсті», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әкімдік әр адамға бес маскадан артық берілмейтінін ескертті.
Еске сала кетсек бүгін Алматы әкімдігі де маска сатылатын дәріханалардың тізімін жариялаған еді.
Айта кетсек кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 1 мон маска жеткізілгенін хабарлаған болатын.