17 сәу, 2021 сағат 22:05

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып барып тоқтады

Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 16 сәуір күні 01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан. 

«Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды» делінген хабарламада.