18 шіл, 2022 сағат 18:39

Елордада лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды


Елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Тұрғындардың бірі басылымға медициналық формадағы әйелдің лифт кабинасында дәретке отырғаны түсірілген видео жіберді.

"Оқиға 14 шілдеде болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келген медицина қызметкері лифтке кіріп, 8-қабатты басып, дәрет сындырған", - дейді үй тұрғындарының бірі. 

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Видеодағы медицина қызметкері - қалалық емханадағы жылжымалы бригаданың қызметкері. Алайда емхана басшылығының айтуынша, ол 15 шілдеден бері мекемеде жұмыс істемейді. Сондай-ақ, істеген ісіне өкініп, осы тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұрады. Жанжалдың шешілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.