19 нау, 2020 сағат 10:08

Елордада құрылыс компаниялары штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді

Құрылыс және олардың мердігер компаниялары санитарлық норманы күшейте отырып, штаттық режимде жұмыс істей береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санитарлық эпидемияға қарсы кеңейтілген іс-шаралар кешені іске асырылуда. Аялдамалар, қоғамдық көліктер, көше бойлары және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды санитарлық реттеу және дизенфекциялау жұмыстары ұйымдастырылуда. Азық-түлік сататын сауда желілері мен дүкендердің үздіксіз қызмет ету мүмкіндігі қамтамасыз етілуде. Қоғамдық тамақтану орындарында онлайн тапсырыс беру жүйесі ұйымдастырылды. Бизнес орталықтары, стоматология, шаштараз және басқа халыққа жекелей қызмет көрсету орындары таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеу режиміне көше алады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. 

Ол азаматтарды шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарату және арандатуға жол бермеуге шақырды. 

«Құрылыс және олардың мердігер компаниялары санитарлық норманы күшейте отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді. Тұлғалар және заңды тұлғалар шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимде орындауға міндетті. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік мекемелер жариялаған ресми деректер мен ақпараттарға ғана сеніңіздер», - дейді ол.