18 нау, 2020 сағат 10:15

Елордада көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын тұрғын үйдің кіреберіс, есік, лифті, сүйеніш, терезе жақтауы және т. б. дезинфекцияланады. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындардың ретсіз үйден шықпау керек екендігін, сондай-ақ тұрғындар барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс екендігін айтты.

Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық-дезинфекциялық режім күшейтілді. 

Сонымен қатар автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді.

Елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирус инфекциясы жағдайы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.