09 мау, 2020 сағат 11:03

Елордада көліктерге пышақ ала жүгірген мас жігіт ұсталды

Елордада өтіп бара жатқан көліктерге пышақ лақтырған мас адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

8 маусым күні түнгі сағат 03.47-де пышақ ұстаған ер адам Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесі қиылысындағы жедел басқарма орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Жігіт жол бойымен келе жатып, пышақты қайрап, автокөлікке ала жүгірген. ЖБО қызметкерлері осы мекенжайға дереу автопатруль жіберді. 

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның пышағын алып, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оқиға орнынан пышақ пен қайрақ алынды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.