Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кеңсесі ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қордың мәліметінше, елордалық кеңсе Нұр-Сұлтан қаласындағы және республиканың іргелес аймақтарындағы мәжбүрлеп таратылатын банктер салымшыларының өтініш-шағымдары мен өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік береді.
Кеңсе депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде депозиті бар жеке тұлғалармен жұмыс жүргізеді. Кеңседе кепілдік берілген өтемді төлеуге құжаттар, сондай-ақ өтініштерді (шағымдарды) қабылданадаы; қордың қызметі және депозиттерге кепілдік беру жүйесі мәселелері бойынша кеңес беріледі..
Барлық сұрақтар бойынша салымшылар «Нұр-сәулет» бизнес орталығындағы қордың кеңсесіне, 104 кабинетке, немесе 8 701 494 83 70, 8 776 192 28 38 телефондары арқылы хабарласа алады.
Айта кетерлігі, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – бұл 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ҚР Ұлттық банкінің ұйымы.
Қор банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысуда.