Елордада қарды уақтылы тазаламағаны үшін 50 ПИК (басқарушы компаниялар, ЖШС) айыппұл салынды. Жалпы сома 1 млн 187 мың теңгеден асты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қыс басталғалы ҚР ӘҚБК 505-бабын (Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу) бұзғаны үшін 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 800 мың теңгені құрады.
Мысалы, «REM.KZ» ЖШС-ға Азия парк СОО-ның маңайындағы аумақты дер кезде қар мен мұздан тазаламағаны үшін 126 250 теңге айыппұл салынды.
Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні 24150 текше метр қар шығарылды (2013 рейс). Барлығы 1051668 текше метр қар шығарылды, бұл 87639 рейс.