18 нау, 2020 сағат 12:51

Елордада қандай тұрғындарға тегін маска беріледі?

Елордада кімдердің тегін медициналық маска алатындығы туралы 17 наурызда қаласында карантин енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары А. Шағалтаеваның қабылдаған қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды "Ұлти ақпарат".

«Жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер, қатерлі ісік аурулары, трансплантациядан кейінгі науқастар, созылмалы респираторлық аурулары бар науқастар) динамикалық бақылау аясында пациенттерге маскалар тегін беруді қамтамасыз етілуі тиіс», - делінген қаулының 3-тармағында.