17 қаң, 2020 сағат 19:29

Елордада кәмелетке толмаған қыз көз жұмды

Елордада 2011 жылы туған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 14-ші қаңтарында сағат 19:33-те кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны анықталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Олар 2011 жылы туған баланың үйде отырғанда өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге хабар беріп, медицина мамандары ем қабылдау қажеттігін айтқан. Келесі күні қыздың жағдайы нашарлап, ол есінен танып қалған. Жедел жәрдем қызметі келгенше қыз бала көз жұмды», - делінген хабарламада.

Полиция сонымен қатар аталған фактінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін айтты. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.