Елордада бүгін жаңа мешіт ашылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін, қасиетті жұма күні астанада құлшылық ордаларының саны тағы бірге арта түспек. ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде елордадағы мешіттер саны осымен 12-ге жетіп отыр», делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Құлшылық ордасының ашылу салтанаты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған барлық діни қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, елорда жамағаты қатысады деп жоспарлануда.
«Әр-Рахман» деген атаумен ашылатын жаңа мешіт қаланың Байқоңыр ауданы «Өндіріс» тұрғын үй алабында орналасқан.