29 нау, 2020 сағат 11:28

Елордада бүгін коронавирус анықталған адамдар үй карантинінде болғандар - басқарма

Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустың таралу жағдайлары туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қаладағы жұқпалы, правизорлық және карантиндік ауруханаларда 1536 адам жатыр. Оның 106-сы – 18 жасқа толмаған балалар. Қазіргі уақытта елордада коронавирус жұқтырудың 151 жағдайы тіркелген. Оның 13 ауруханада жазылып, үйлеріне жіберілді. 29 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Олар бұрын стационарлық бақылауда болған немесе үйлерінде оқшауланған адамдар, сондай-ақ ауырып қалуы мүмкін адамдарға мониторинг жасау процесінде анықталғандар», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.