Елордада автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"9 қараша сағат 8:20 шамасында "102" каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы "Көктем СҮ" аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына келгеннен кейін дерек расталды. Полиция қызметкерлері зорлық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның мәйітін анықтады.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды" - делінген хабарламада.