07 сәу, 2020 сағат 18:51

Елордада Армения көліктерінің нөмірін ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды

Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктердің нөмірін ұрлап, иелерінен ақша талап еткен елорданың екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің «Сарыарқа» аудандық басқармасының қызметкерлері 24 жастағы екі азаматты ұстады. Оның бірі бұрын алаяқтығы үшін сотты болған. Олар автокөліктердің шетелдік мемлекеттік нөмірлерін ұрлап кетіп (алдын ала мәлімет бойынша, Қырғыз Республикасы мен Армения елдерінің автокөліктерінен) көлікке хат қыстырып, нөмір үшін қанша ақша төлеуі тиіс екенін жазып отырған. Орташа есеппен ұрылар әр нөмір үшін 50 мың теңге алған», - деді Полиция департаментінен. 

Қазіргі уақытта ұсталған екі жас жігіттің осыған ұқсас бес қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.