Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына сәйкес жүзеге асырылған «Адалдық алаңы» ұлттық жобасының жылдық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Адалдық алаңы» жобасын іске асыру тәжірибесі жемқорлықпен күрес бойынша республика деңгейінде үлгі қалыптастырды. Бұл жоба мемлекет пен қоғам арасындағы көпір іспетті. Қоғам өкілдері жемқорлыққа қарсы күрес саясаты туралы пікірлерін білдіріп қана қоймай, бұл жобаның іске асуына өздері де атсалыса алады», - дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.
Жоба аясында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тренингтер өткізу, лекция оқу, семинарлар өткізілуде. Бұл бастама келесі жылы жаңа форматта жалғасын таппақ.
«Сараптау тобына қоғам белсенділері, саяси партия, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, депутат, журналист, блогерлер кіреді. Бизнес процестерді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жемқорлықты азайтты.
Бүгінгі таңда 179 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 56-сы автоматтандырылған, қалғаны бөлшектей автоматтандырылған. Жыл басынан бері әкімдік тарапынан 3,8 млн мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 есе көп», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр.