25 нау, 2020 сағат 14:45

Елордада 146 бөтелке антисептик пен 8000 литр спирт қосылған сұйықтық тәркіленді

Елордада 146 бөтелке антисептикалық зат және 8000 литрден астам құрамында спирт бар сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

23 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері шаһардағы «Алматы» ауданының полиция басқармасы және прокуратурасымен бірлесе отырып, елдегі төтенше жағдайда көлемі 5 литрлік 146 бөтелке антисептикалық затты заңсыз сату фактісін анықтады. 

«Тексеріс барысында көлемі 1000 лит рлік 10 дана ақ цистерна тәркіленіп алынды, оның ішінде жалпы көлемі 8 210 литр болатын ерекше иісі бар спирт қосылған түссіз сұйықтық болды. Жоғарыда аталған барлық заттар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды» делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.