26 ақп, 2024 сағат 14:20

Елорда тұрғыны қарыз өтеудің орнына қаржысын бейберекет жұмсағаны үшін сотталды


Мемлекеттік айыптаушы ұзақ уақыт бойы сот шешімін орындамаған елорда тұрғынының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Сотталған адам 18 млн. теңгеден астам берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар екенін біле тұра, 5 жыл бойы қарызды өтеуге мүмкіндігі бола тұрып, аз ғана төлемдер енгізген.

"Сонымен бірге, осы кезеңде ол шетелге туристік сапарлар жасап, балаларын ақылы мектепте оқытқан. Оның өзі косметологиялық қызмет көрсетіп, оның төлемі әпкесінің шотына түскен. Сонымен қатар, сотталушы танысына банк арқылы жылжымайтын мүлік сатып алуға уәде беріп, 3 млн. теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденсе, тағы бір жағдайда 7 млн. теңгені жымқырған. Бұл фактілер бойынша келтірілген шығынды ол өтеген", - делінген хабарламада. 


Алаяқтық және сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі тұлға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.