21 мау, 2022 сағат 10:32

Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды


Елорда маңында шыққан өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 15-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды. Жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Төтенше жағайды жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8-де Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 ұшып кетті», - делінген ТЖМ хабарламасында.