09 шіл, 2019 сағат 13:27

Елорда әкімі құрылыс мерзімін бұзған басшыларды жауапқа тартты

 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада салынып жатқан екі құрылыс нысанының мерзімін бұзған басшыларды жауапқа тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін қала тұрғындары үшін Р.Қошқарбаев 80/2 және Іле 30/1 мекенжайы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарындағы құрылыс мерзімін бұзған екі басқарма басшысын әкімшілік жауапқа тарттым. Кемшіліктер орнына келтірілмеген жағдайда қатаң шаралар қолданамыз», - деп жазды әкім.