Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның үш өңірінде терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адам ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне ілтеме жасап.
"ҰҚК 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді.
Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото, видео: ҰҚК баспасөз қызметі