Қазақстанның алтын валюта қоры соңғы бір айда 2,2 млрд долларға өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
«Алтын валюта резервтері мамырдың соңында айдың басындағы деңгейден 2,2 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 36,5 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын валюта резервтерінің ұлғаюы ең алдымен алтын бағасының бір унция үшін 1769 АҚШ долларынан 1892 АҚШ долларына дейін қалпына келуі аясында алтын портфелінің 1,9 млрд АҚШ долларына (немесе 7%-ға) өсуі аясында болды. Резервтер құрамындағы алтынның үлесі 67,7%-ға жетті. Бағалы металл бағасының өсуіне АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің төмендеуі және АҚШ доллары бағамының жаһандық төмендеуі себеп болды», - деі Ұлттық банк өкілі.
Әлия Молдабекованың айтуынша, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер 311 млн АҚШ долларына, оның ішінде депозиттер мен Ұлттық банк шоттарындағы қаражаттың есебінен 297 млн АҚШ долларына өскен.