28 ақп, 2020 сағат 07:32

Елімізде жеті облыстағы 16 жол учаскесі жабылды

28 ақпанда таңертең елімізде жеті облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 2 231 шақырым болатын 16 жолдағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 8,9 пайызы. Жалпы жол қозғалысы 7 облыста жабық», делінген хабарламада

1. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» жолының 1 291-1 426 шақырымы

2. «Екатеринбург-Алматы» жолының 856-1 006 шақырымы (СҚО-Атбасар)

3. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Шідерті)

4. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Қарағанды обл)

5. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 64-82 шақырымы (Есіл-Бұзылық)

6. «Алматы-Өскемен» жолының 971-1 068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов)

7. «Алматы-Өскемен» жолының 780-967 шақырымы (Аягөз-Қалбатау)

8. «Өскемен-Риддер-РФ» жолының 15-105 шақырымы (Белоусовка-Риддер)

9. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботағара» жолының 231-324 шақырымы (Ботағара-Павлодар обл)

10. «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды-Павлодар обл)

11. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» жолының 101-266 шақырымы (Теміртау-Ақмола обл)

12. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1 000-1 066 шақырымы (Қушоқы-Молодежный)

13. «Екатеринбург-Алматы» жолының 1 504-1 854 шақырымы (Қарағанды-Балқаш)

14. «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 шақырымы (Қостанай-Ақмола обл)

15. «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-710 шақырымы (Ақмола обл-Новоишимское)

16. «Булаево-Возвышенка-Рощинское» жолының 0-228 шақырымы

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ-ның мәліметінше, ел аумағындағы жолдарда 694 техника жұмыс істеуде.