08 мау, 2020 сағат 16:37

Елімізде төрт күнде 1357 адамнан симптомсыз коронавирус анықталды - Бас санитарлық дәрігер

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова өткен аптадағы коронавирус жұқтырғандар өсімі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен аптадағы күнделікті науқастар өсімі 1,9 % бен 4,7% аралығында болды. Бұл – симптомды және симптомсыз науқастардың жалпы саны. Науқастарды 3 маусымнан бастап, симптомды және симптомсыз деп бөле бастадық. Сәйкесінше, 3-7 маусым аралығында 1357 симптомсыз, 1073 симптомды науқас тіркелді. Барлығы 12 859 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы анықталды», - деді А. Есмағамбетова онлайн-брифингте. 

Сонымен бірге, бас санитар вирус тасымалдаушылардың қандай жолмен анықталғанын түсіндірді. 

«Науқастардың 45% - байланысқан адамдар арасынан анықталды, 40% - профилактикалық тексеруден өткендер, 10% - ауру белгілерін байқап, дәрігерге хабарласқандар, 5% - шет елдерден келгендер. Қазіргі уақытта 5 427 адам ем қабылдап жатыр, ал 7 484 адам, яғни науқастардың 53% - аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды», - деді А. Есмағамбетова.