24 қар, 2021 сағат 18:48

Елімізде толыққанды саяси трансформация жүзеге асырылуда - Ерлан Саиров


Nur Otan партиясында "ұрпақтар сабақтастығы" принципі іс-жүзінде жүзеге асуда. 

Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партия Төрағасы лауазымын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беретіндігін мәлімдеді. Лауазымды тапсыру Nur Otan партиясының уставына сәйкес іске асырылады.

Елімізде толыққанды саяси трансформация жүзеге асырылуда.

Билеуші партияның төрағалығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік 30-жылдығы қарсаңында келуінің де символикалық мән-мағынасы зор!

Еліміздің дамуының келесі кезеңінің диалектикасы қалыптасуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі ұрпаққа “Елдіктің жеті тұғыры” бағдарламасын ұсынды. "Тәуелсіздікті сақтау" басты құндылық, басымды міндет екендігін жеткізді.

Мемлекетте бірте-бірте, эволюциялық өзгерістер болып жатыр.

Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда осындай ойланып жасалған, салмақты қадамдар дұрыс екендігі Һақ!

Ерлан Саиров, саясаттанушы,

Мәжіліс депутаты