2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі 1,9 трлн теңгені құрап, инфляцияны есепке алғанда бір жыл ішінде 2,7% - ға артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңір бойынша алғанда мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың ең көп көлемі Алматы облысына (291,3 млрд тг) тиесілі болды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы (260,5 млрд теңге), үшінші орында Түркістан облысы (216,5 млрд теңге) аяқтайды.
Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8,2 млн бас ірі қара малы болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға артық. Олардың 4 миллионы – сиыр.
Қойлар саны 19,5 миллионды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5% көп. Елде жылқылардың саны 9,1%-ға (3,1 млн), ешкі 0,6%-ға (2,5 млн), шошқа 0,2%-ға (1 млн дейін артқан. Үй құстары, керісінше, 2,8%-ға азайып, 46,1 млн болған.
Сиыр сүтін өндіру 3,1% -ға (4,8 млн. тоннаға), қырқылған қой жүні 2,5% - ға, (39,4 мың тоннаға) , ірі қара терілері 2,6% - ға, (2,2 млн данаға) дейін артқан. Қозы терілерінің өндірісі 13%- ға, тауық жұмыртқасы 5,5% - ға дейін төмендеген.