Қазақстанда тағы 26 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 13, Алматы қаласында - 11, Жамбыл облысында 2 адам дерттен айыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен жазылғандар саны 3598-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 626 Алматы қаласы – 1037 Шымкент қаласы – 203 Ақмола облысы – 96 Ақтөбе облысы – 161 Алматы облысы – 145 Атырау облысы – 180 Шығыс Қазақстан облысы – 26 Жамбыл облысы – 142 Батыс Қазақстан облысы – 180 Қарағанды облысы – 156 Қостанай облысы – 50 Қызылорда облысы – 216 Маңғыстау облысы – 60 Павлодар облысы – 138 Солтүстік Қазақстан облысы – 29 Түркістан облысы – 153