ҚР Әділет министрлігі заңсыз тауар айналымы саласына тексеру жүргізді. Нәтижесінде контрафактілік өнім саласында 77 млн теңгеге заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы «Kazpatent» директоры Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Интеллектуалды меншік құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаятты ҚР Әділет министрлігі жүргізеді. Министрлік соңғы 5 жылда 900-ден астам тексеру жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде контрафактілік өнім саласында 77 млн теңгеге заң бұзушылық анықталды. Осы орайда Әділет министрлігі құқықтық насихаттау міндетін атқарады. Құзырлы мемлекеттік органдар, әкімдіктер және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен аталған сала бойынша ауқымды іс атқарылып жатыр. Соңғы 2 жыл ішінде 1 мыңнан астам түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды», - деді Ербол Оспанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, контрафактілік тауар айналымының жолын кесуге қатысты халық арасында түсіндіру шаралары өтіп тұрады.