18 нау, 2022 сағат 14:13

Елімізде «Асар» дәстүрі қайта жаңғырады


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында, ертеден келе жатқан «Асар» дәстүрін қайта жаңғырту қолға алынады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурыз мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі. Волонтерлік, қайырымдылық және ерікті ұйымдар арқылы Асар дәстүрін жаңғырта отырып, «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын іске қосу ұсынылад», - деді Нұрғиса Дәуешов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, министрдің орынбасары балаларға арналған жаңа жобаның қолға алынатынын тілге тиек етті. 

«Наурыз балалар үшін басты мереке. Отбасы, білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізе отырып, балалар аудиториясына ерекше мән беру көзделіп отыр», - дейді ол.