15 қыр, 2021 сағат 11:30

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ


Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы алқаптардың 83,3 пайызынан өнім жиналды.

Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден, жалпы 12 млн тонна астық бастырылды», деп хабарлады министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гектарына 8,3 центнерден, 8,2 млн тонна астық бастырылды.

«Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті», делінген хабарламада.