04 сәу, 2022 сағат 19:15

Елге бір миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болған тұрғын ұсталды


Нұр-Сұлтан әуежайында елге заңсыз алтын кіргізбек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық рейс жолаушыларын шекаралық бақылау пунктінен өткізу кезінде заңсыз зергерлік бұйымдарды елге кіргізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды.

"Алтын бұйымдардың жалпы салмағы 34 келіден асты. Ал, тәркіленген тауардың алдын ала сомасы миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-бөлігі "Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда" бойынша тіркелді.

Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар одан ары сот ісін жүргізу үшін Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу бөліміне беріледі.